Ұзақ мерзімді автокөлік жалдау
Аутсорсингтік тасымалдау қызметтері біздің елде барған сайын танымал бола бастады, атап айтқанда, басшыларға, қызметкерлерге және кеңсе қажеттіліктеріне жүргізушімен ұзақ мерзімді автокөлікті жалға алу. Бұл, әсіресе, Қазақстан бойынша тұрақты іссапарлар үшін ыңғайлы: бірнеше қалаларда тасымалдау қызметтері бойынша негіздемелік келісім жасалады, ал нақты көрсетілген қызметтер үшін төлем тапсырыс берушінің сұраныстары негізінде жүзеге асырылады.
Аутсорсинг өз паркін ұстауға байланысты негізгі емес шығындарды қысқартқысы келетін компаниялар үшін оңтайлы шешімге айналуда. Біз барлық қиындықтар мен шығындарды: салықтарды, сақтандыруды, жанар-жағармайды, техникалық қызмет көрсетуді, көліктің тазалығын және жұмысқа жарамдылығын, сондай-ақ жүргізушінің жалақысын және жол жүру шығындарын толығымен шешеміз.
Ұзақ мерзімді жалға алу үшін көліктің барлық түрлері бар, әртүрлі класстағы жеңіл автокөліктерден бастап кең автобустарға дейін.